Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына жолдама ала алмады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 131-ші орында тұрған франциялық Клара Бюрельмен кездесу өткізді. Алайда Рыбакина 4:6, 4:6 есебімен қарсыласына есе жіберіп, келесі айналымға шыға алмады.