• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Тамыз, 2022

Оңдасын Оразалин қызметінен босатылды

384 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңдасын Сейілұлы Оразалин 1963 жылы туған.

1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.1985-1986, 1987-1988 ж.ж. - Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы.1988-1990 ж.ж. - Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы.1990-1993 ж.ж. - жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы.1993-1999 ж.ж. - «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы1999-2000 гг. - «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы.2000-2003 ж.ж. - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі.2003-2004 ж.ж. - Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы.2004-2005 ж.ж. - Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры.2005-2006 ж.ж. - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.2006-2007 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.2007-2008 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.2008 жылдың наурыз - қазан аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.2008-2014 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.2014 жылдың мамырында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.   2019 жылдың ақпан айынан бері Ақтөбе облысын басқарды.