• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2014

Келісім мен бейбітшілік – биікке бастайды

345 рет
көрсетілді

Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде оның Астана қаласында өткен XXI сессиясына қатысқандығымды әркез қуанышпен еске алатын боламын. Біздің халқымыз өзінің ұлт­тық құрамы жағынан сан алуан. Осылай қалыптасуына тарихи жағдайлар әсер еткені белгілі. Бірақ, ортақ бір нәрсе бар, ол – біз, Қазақстан халқымыз, түріміз, тегіміз, тіліміз, дін мен діл әркелкі болса да, біртұтас, бірыңғай халықпыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімнің нығаюында үлкен рөл атқарды. Соңғы жылдарда қоғамдағы оның рөлі айрықша көріне бастады. Ассамблея жұ­мысының негізгі бағыты ретінде бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық институты арта түс­ті. Мемлекетімізбен бірге қа­лыптасу жолымен жүре отырып, Ассамблея өзінің қажеттілігі мен мен маңыздылығын көрсетті. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Кон­ституциясының 20 жылдығына орай 2015 жылды – Ассамблея жылы деп жариялауға ұсыныс білдірді. Нұрсұлтан Әбішұлы әр сессияда тілдік саясат мәселесін көтереді. Бүгінгі таңда ҚХА жаңа қазақстандық патриотизмнің, ұлттық-мемлекеттік сәйкестіктің және ұлттық бірліктің нығаюына өз септігін тигізіп отыр. Ассамблея алдына мемлекеттік тілді енгізу саласын кеңейту мен Қазақстанда тұратын өзге этностардың тілдерін дамыту міндеті қойылды. Қазақстан украиндары үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы сессиясының маңызы зор. Өйткені, ЮНЕСКО-ның 37-сессия­сында 2014 жыл Т.Г.Шевченко жылы деп жарияланған болатын. Ал Тарас Шевченко – екі халықтың – қазақ пен украиндардың ортақ перзенті бола алды. Маңғыстауда Кобзарьдың 200 жылдығы кең көлемде аталып өтілді. Президент Н.Назарбаев ҚХА сессиясында Украинадағы жағдайға қатысты өз пікірін білдірді. Мен үшін және әр­бір украин ұлтының өкілі үшін Елбасының біздің тарихи Отанымыз жайын­да айтқан сөзі қымбат болып табылады. Елбасымыз Украина жағдайын бейбіт келісім жолымен шешу керек деп санайды, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «қазіргі таңда Украинада болып жатқан барлық жағдай бәрімізді де ойландыруы тиіс» деді. Тыныштықтың даму жолына бастайтындығын «Эко­номика, өсім, жақсару, мұның бәрі бейбітшілік пен келісім жағ­дайында ғана болады», деп атап өтті Елбасы. Сонымен қатар, ол украина қоғамы бірлігінің тез арада қайта тұрақтануына үміт артты. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының барлық түрінің шектелуіне жол берілмейтіндігі мен қатаң жазалатынын атап өткен Нұрсұлтан Әбішұлы заң алдында бәрінің тең екенін және «бірлік, ауызбірлік – қоғамның басты байлығы» екендігін қадап айтты. Сессияда «Достық үйі» тақырыбы да сәтімен қозғалды. Өйткені, бұл біздің облысымыз үшін де маңызды болып табылады. Елбасының Аймақтық Достық үйлерін дамыту Концепциясын жасақтау туралы сөзі көңілге қо­нымды. Бір мемлекетте тұрған соң, оның дамуы мен тыныштығы – біздің болашағымыздың кепілі. Сондықтан, Елбасы тапсырмасымен ұсынылған ел дамуына не­гізделген «Қазақстан – 2050» Стра­тегиясын бірлесе жүргізу мін­деті туды. Осы ұлы іске өз үлесін қосу әрбір қазақстандықтың парызы деп ойлаймын. Сессияда оқылған Елбасы баян­дамасы – ел ретінде, мемлекет ретінде ұйысып, алға алаңсыз қадам баса беруге сенімімізді нығайтады. Татьяна ЛЕСНИЧЕНКО, Т.Г. Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігінің төрайымы. АҚТАУ.