• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Тамыз, 2022

Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды

442 рет
көрсетілді

Tesla және SpaceX басшысы Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

30 тамыздағы рейтинг кестесін Bloomberg Billionaires Index жариялады. 

Масктың байлығы 251 миллиард доллар деп бағаланған. Екінші орында Amazon компаниясының бұрынғы бас директоры Джефф Безос 153 миллиард доллармен тұрақтаған. Үздік үштікті 137 миллиард долларға бағаланған байлығымен үнділік кәсіпкер Готам Адани түйіндеген.