• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 01 Қыркүйек, 2022

2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды - Президент

289 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы  Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды», деді Президент.

Мемлкет басшысы жыл соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отырғанын және игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайтынын атап өтті.

«Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс.Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын», деді Қасым-ЖомартТоқаев.