• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қыркүйек, 2022

Президент Үкімет жұмысын сынға алды

129 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметтің жол құрылысы саласында қайта-қайта олқылық жіберіп отырғанын сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы ретте алдағы 3 жылда аймақтағы сапасыз жолдардың 95 пайызын жақсарту керектігін баса айтты. 

«Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет», деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керегін ескертті. Сондай-ақ битум тапшылығын сөз етті.

«Бізде әлі күнге дейін  битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс. Жалпы, ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді», деді Президент.