• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 01 Қыркүйек, 2022

Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс - Қ.Тоқаев

431 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс.Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз, деді Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ Президент мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнататынын айтты.

«Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы амбудсмен тағайындалады. Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды. Бірақ халықты нарық тұрақсыздығының ықпалынан барынша қолдайды. Шағын және орта бизнесті мейілінше дамытады», деді Мемлекет басшысы.