• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қыркүйек, 2022

Стенд атудан Қазақстан Кубогының үшінші кезеңі өтті

198 рет
көрсетілді

Елордада стенд атудан Қазақстан Кубогының үшінші кезеңі мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде сұрмергендер спорттың скит және спортинг түрлері бойынша сынға түскен болатын. Оған бас-аяғы 100-ден аса спортшы жиналып, өзара мықтыларды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жарыс барысында қыз-жігіттердің бабын байқадық. Олардың ізін басып келе жатқан жас спортшылар да назарда болды. Жалпы алғанда отандық стенд атудың деңгейі өскен. Енді ең үздік нәтиже көрсеткендерді барынша қолдап, әлемдік жарыстарға жол ашу мақсаты тұр. Өйткені бұл олимпиадалық бағыт саналады.

Сондықтан оның дамуына жан-жақты үлес қосу керекпіз», дейді «Нұр-Сұлтан «Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры Андрей Могилевский.

Нәтижесінде, ерлер арасында Эдуард Ещенко, Андрей Фролов және Давид Почивалов сияқты спортшылар жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында Зоя Кравченко алдына жан салмады. Ал спортинг түрінде елордалық Қуаныш Күшекбаев жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар стенд атудың командалық және аралас бағыттары бойынша да медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Жарыста жасөспірімдер де бақ сынап, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алды. Енді осы сұрмергендер қарашада тағы бас қосып, Қазақстан кубогының шешуші, яғни төртінші кезеңіне жолдама алды.

Аталған жарыстың қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, Хорватияда өтетін лицензиялық әлем чемпионатына аттанады.