• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2014

Палатаның күн тәртібі қаралды

230 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Депутаттардың талқылауына электр энергетикасы объектілерінің жұмысын бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру мәселелері туралы заң жобасы бірінші оқылымға шығарылады. Күн тәртібінің жобасына Мәжіліске түскен жаңа заң жобаларына қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылау да ұсынылып отыр. Олардың қатарында Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бар. Сонымен қатар, құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылық қызметті реформалау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі де қосылған. Палата, солармен бірге, ратификацияланатын заң жобаларына да қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады. Олар: Қазақстан-Эстония үкіметаралық инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімі мен Қазақстан мен Сингапур үкіметтері арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім. Бюро отырысында Мәжілістің экономикалық реформа және аймақтық даму комитеті Қызылорда облысында (28-30 мамыр 2014 ж.) көшпелі отырыс өткізетіні туралы шешім қабылданды.