Жаңа оқу жылының бастауы секілді Жолдау жарияланған күнді саяси науқанның маңызды кезеңі деуге болады. Осыдан бір-екі ай бұрын Қазақстанда өткен жалпыхалықтық референдумда қабылданған саяси реформаларды Еуропалық одақ қолдап, маңыздылығын атап өткен болатын.
Жолдаудағы басым бағыттарды ЕО одан әрі қолдай түседі. Өйткені маңызды құжатта айтылған, алдағы уақытта іске асатын саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар бір-бірін толықтырып тұр. Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы су қорын нығайту секілді ірі жобалар одан әрі қолдау табады. Сонымен қатар адам капиталына бағытталған іс-шаралардың іске асырылуы тоқтатылмайды. Олар адам құқығын қорғау, денсаулық сақтау, білім беру саласына тікелей қатысты. Біз қазір осы салаларда көптеген тренинг өткізуге дайынбыз. Тәжірибе алмасуды жалғастыра береміз. Жолдауда айтылған барлық реформа осы жұмыстарды атқаруға оң нәтижесін тигізеді деп сенеміз.
Қазір Қазақстан мұнайының басым бөлігі әлем нарығына тасымалданып жатыр. Бұл жерде Еуроодақтың қосқан үлесін атап өтпеуге болмайды. Сондай-ақ Еуроодақ елдері үшін Қазақстанның мұнайы маңызды. Бірақ қазір ЕО мұнайға тәуелділікті азайтып, күн энергиясы секілді баламалы шикізат көздерін арттыруды алға қойып отыр. Осы инвестициялық бағытта да біз Қазақстанмен тәжірибе алмасуға дайынбыз. Алдағы уақытта шикізат көздерінің балансын құруда іргелі істер атқарылады деп сенемін.
Кестутис ЯНКАУСКАС,
Еуропалық одақтың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі