• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қыркүйек, 2022

Кезектен тыс сайлау – дұрыс шешім

578 рет
көрсетілді

Қазақстан секілді әлемдегі үлкен демократиялық мемлекеттің өкілі болып, тарихи сәтіне куә болу – мен үшін үлкен мәртебе. Демократиялық елді құру оңай нәрсе емес, сондықтан осындай біртұтас елді қалыптастыра білген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың біліктілігі мен ел басқарудағы қабілетіне тәнтімін.

Жолдауда айтылғандай мен үшін таяуда өткізілетін кезектен тыс Пре­зидент сайлауы болатыны күт­пеген жаңалық болды. Бұл – үлкен іс. Бұл сайлаудың сәтті өтуіне тілектеспін және ойдағыдай өтетініне сенімім мол. Және бұл жаңалықты міндетті түрде жуық арада Бразилия үкіметіне жеткіземін. Бразилия мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың алғашқы күндерінен бастап тығыз әрі жақсы қарым-қатынас қалыптасты.

«Қазіргі геосаяси тұрақсыз­дық жағ­дайын­да кезектен тыс сайлау өткізу дұ­рыс па?» деп сұрақ қойып жатыр БАҚ өкілдері. Әр мемлекет басшысы үшін өз еліндегі жағдай белгілі, сондық­тан егер Президент мұны дұрыс деп шеш­се, қолдау қажет. Мен дұрыс деп ай­тар едім. Бұл маңызды оқиғаның нә­ти­жесін барлығымыз бірге көреміз деп сенемін.

Бүгінде Қазақстан халқының ба­сым бөлігін жастар құрайды. Жал­пы, Жолдауда айтылған барлық мәлім­деме халыққа сенім береді, ұзақ өмір сүруге ұм­тылдырады. Қазақстан мен Бра­зилия арасындағы байланыс­ты айтар болсам, бұл бағытта біз­дің елге әлі де көптеген іс атқару қа­жет. Ал Қазақстанның Бразилияда бір­ша­ма инвестициясы бар. Бізге бірлес­кен бизнес сала­сын дамыту қажет. Қа­зіргі кезде Қазақ­станда Бра­зилия­ның елшілігі мен бірқатар кеңсесі ор­на­ласқан, алайда бізге бразилиялық ком­па­ниялардың үлесін арттыру маңызды.

 

Рубем КОРРЕА БАРБОЗА,

Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі