Қазақстан Президенті 19-20 мамырда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруы бойынша Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар қытай компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді.
21 мамырда Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV Саммитіне қатысады деп жоспарланған. Онда тұрақтылық пен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қарастырылады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.