• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Пікір 02 Қыркүйек, 2022

Жастарды жарылқаған Жолдау

194 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жолдауын ұзақ мерзімді кезеңге арналған бағдарламалық құжат деп санауға болады. Бүгінгі мемлекеттік саясат адами келбетке ие болуымен, әрбір қазақстандықтың әл-қуатын арттыруға бағытталуымен аса құнды және маңызды.

Экономикада азамат­тардың өз ісін ашуға арналған жеке бастамаларын ынталандыруға көңіл бөлінбек. Сонымен қатар салық режімін жеңілдету, монопо­листер қызметінің тарифін төмендету, ауыл шаруашы­лы­ғындағы субсидиялауды тиім­ді ету сынды саясат жалғаса­ды. Әрбір қазақстандық үшін мем­лекетке және оның табысы­на қатыстылықты сезіну өте маңызды. Ал Прези­дент­тің бұған жауабы дайын: мемлекеттік активтерге ха­лықтық IPO ен­гізу, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру, жастардың жұмысқа тұруына көмектесу, 2,5% үстемемен несие беру, «Әлеуметтік әмиян» картасы түрінде атаулы әлеуметтік көмектің ашық жүйесін кіргізу, сыбайлас жемқорлыққа қаты­сы бар шенеуніктердің заң­сыз жолмен тапқан табысы­нан мемлекеттік бюджетке түскен қаржысы есебінен заманауи мектептер салу.

Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Жолдауында айтыл­ған алда болатын саяси, әлеу­меттік, экономикалық және құқық­тық салалардағы рефор­малар азаматтық қоғамның өкілдеріне осы өзгерістердің жүзеге асуын ұйымдастыруға, қоғамдық бақылау жасауға, сондай-ақ ақпараттық-наси­хат жұмыстарын жүргізу­ге мүмкіндік беретін  халық­тық жоба деп нық сеніммен айту­ға болады. Осы орайда, біз – қоғамның белсенді бөлігінің өкілдері күрделі және маңызды жұмыста мемлекеттің әріптесі бола білуіміз керек.

 

Гүлнәр ҚҰРБАНБАЕВА,

Қарағанды облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының президенті,

облыстық қоғамдық кеңес мүшесі

 

ҚАРАҒАНДЫ