• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 02 Қыркүйек, 2022

Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы анықталды

229 рет
көрсетілді

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының рейтингінде үшінші орында тұрған бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жұдырықтасуға келісті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір күн бұрын Фалькао Әлімханұлына жекпе-жек өткізу туралы ұсынысымен жүгінген. Жауап ретінде Жәнібек ұсынысты командасымен талқылауға шақырған. Ал нақты ұсыныс болған жағдайда Эскивамен жұдырықтасуға қарсы емес екенін аңғартты. 

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық боксшыға басқаша жауап беріп келген еді. Алғашында атақтары жоқ болғандықтан оны қызықтырмайтынын айтып қалған.

Кейін 2012 жылғы Олимпиада жүлдегерін мүгедектер арбасына отырғызамын деп сес көрсете бастады.