АСТАНА. 13 мамыр. Астананы көлгалдандыру жұмыстары қарқын ала бастады. Бұл бағыттағы шаруалар «2007-2030 жылдарға арналған Астана қаласын көгалдандыру тұжырымдамасын» ескере отырып жүргізіледі. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады.
Қазір «Астана-Зеленстрой» акционерлік қоғамының жұмысы қызып тұр. Олар Есіл ауданында 2562 ағаш, Алматы ауданында 3801 және Сарыарқа ауданында 543 көшет отырғызуды жоспарлауда. Сондай-ақ, ұзындығы 2728 п.м (погонный метр) қоршау салынбақ. Бұдан бөлек, 145 мың шаршы метр жерге 7,9 млн. дана гүл егуді қолға алмақ.
Тағы бір айта кетер жәйт, биыл қала тұрғындары мен қонақтары гүлден жасалған әр алуан тік композициялар мен кашпо, шарларды тамашалай алады. Бұдан басқа, өсімдіктерден жасалған жиырма сәндік фигура мен 3 шағын альпі тауы бой түзейді. Барлығын қоса есептегенде бұлардың саны 750-ге жетпек.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: astana.gov.kz.
Фото: astana.gov.kz.