• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қыркүйек, 2022

Ердоған: Түркияға жаңа конституция керек

402 рет
көрсетілді

Түркия 20 жылдан бері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды реформаларды жүзеге асырып келеді. Бұл туралы бейсенбі күні Түркияның Жоғарғы сотында президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Түркияның қазіргі конституциясы 1982 жылы қабылданғанын және бірқатар түзету енгізілгеніне қарамастан, жаңа заманның сын-қатерлеріне сай келмейтінін атап өтті. 

Түркия басшысы биліктегі Әділет және даму партиясы былтыр елге жаңа негізгі заңының жобасын дайындағанын, бірақ бұл бастама басқа саяси күштерден тиісті қолдау таппағанын еске салды. 

«Біз бұл өзекті мәселені қайта көтереміз», деп сендірді саясаткер. 

Президент Ердоған Түркияның бірқатар елде қазірдің өзінде қолданылып жатқан «құқықтық қорғауды сақтандыру» жүйесін енгізуді жоспарлап отырғанын да айтты. 

«Белгілі бір топтар Түркияның сот жүйесін қылмыстық ұйымдардың құралына айналдыруға тырысуда. Біз бұған жол бермейміз!», деді ол.