• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2014

Қазалы ауданында дарияға тағы бір көпір салынады

520 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 мамыр. Қызылорда облысы Қазалы ауданының «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 73 шақырымында орналасқан темір конструкциялардан құрастырылған көпірдің тозығы жетуіне байланысты қайта жаңғыртудан өткізілетін болды. Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов ауданға арнайы келіп, жалпы 412 отбасы, 2352 тұрғыны бар Қызылқұм ауылдық округімен байланыстыратын аталмыш көпірдің жай-күйімен танысты. Көпірдің маңыздылығынан хабардар болған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының 73 шақырымындағы көпірді қайта жаңғырту құрылысына 45 млн. теңге  бөлінді. Қазіргі таңда келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары мамыр айының 2-онкүндігінде басталады. Айта кету керек, бұл көпір ағымдағы жылдың 21 сәуір сағат 18.00 шамасында Қызылқұм ауылдық округі Кәукей ауылының батыс беткейіндегі темірден жасалған көпір құлаған болатын. Көпірдің ұзындығы – 12 м, ені – 5 м. Ол ауыл орталығынан 3 км қашықта орналасқан. Көпірдің екінші басына қойылған темірбетон блогтың (СП-50 см) астын су шаюынан, темір-бетон блогы құлап, көпір жолдың деңгейінен 1 метрге төменге түсіп кеткен. Қазіргі уақытта ылдиланған жерге топырақ тастап, жеңіл автокөліктер жүргізілуде. Ауыр автокөліктердің жүруіне қауіпті. Аталған көпір Кәукей, Тасарық, Лақалы, Отгон елді мекендерін аудан орталығымен  байланыстыратын бірден-бір өткел болып отыр. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі. Фото: silkadv.com.
Соңғы жаңалықтар