• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қыркүйек, 2022

Ержан Бабақұмаров қызметінен босатылды

240 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz. Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров 1969 жыл Талдықорған облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.

1995 жылдан - Қазақстанның Даму институты Саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімін меңгерушісі, директоры.

1996 жылдың тамыз айынан - Алматы қаласы әкім аппаратының бас маманы.

1996 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Президентінің Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2004 жылдың сәуір айынан - ҚР Президентінің Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы.

2004 жылдың қыркүйек айынан - ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.

2006 жылдың ақпан айынан - ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

2007 жылдан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы.

2008 жылдан бері - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің меңгерушісі.

«Қазақстан» Республикалық телерадиохабарлар тарату корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2008);

«Хабар» агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2006-2008);

«Қазақпарат» ҰК» Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2008); «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2007 жылдан);

«Самғау» Ұлттық холдинг АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2007);

«Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингінің Директорлар кеңесінің мүшесі. «Қазақстан» Республикалық телерадиохабарлар тарату корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.