Қазақстандық Мария Боровкова Венгрияда ескек есуден жастар арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандасымыз каноэ(жалғыз) жарысында 1000 метр қашықтықта алтын алды. Мария 4:35.69 — C1 (18 жасқа дейін) нәтижесімен бірінші болып мәреге жетті.
Айта кетейік, Мария 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.