ҚЫЗЫЛОРДА. 13 мамыр. Қызылорда облыстық аппеляциялық соты «Бушра» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Сотталушылар З.Метин, К.Ердоган және олардың қорғаушылары Қызылорда қалалық сотының 2014 жылғы 5 ақпандағы үкіміне қатысты облыстық соттың аппеляциялық сатысына шағымданған болатын. Қылмыстық істі қарау нәтижесінде қылмыстық істер бойынша аппеляциялық алқа сотының қаулысымен бірінші саты сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылып, сотталушылар мен олардың қорғаушыларының өтініші қанағаттандырылусыз қалдырылды», - делінген хабарламада.
Қызылорда қалалық сотының 2014 жылғы 5 ақпандағы үкімі өз күшіне енді.
Құрыш Нұрымбет.
Дереккөз: Қызылорда облыстық прокуратурасы.
Фото: silkadv.com.