• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қыркүйек, 2022

AMANAT партиясының гуманитарлық көмек қабылдау пункттері жұмысын бастады

224 рет
көрсетілді

Бүгін AMANAT партиясының барлық өңірлік филиалдарында Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Онда азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), жылы киім, тазалық құралдары жиналып жатыр.

Алматыдан келген ерікті Жандос Тәліповтың айтуынша, мұндай жағдайда шетте қалуға болмайды.

«Зардап шеккендерге жай сөзбен ғана емес, іспен де көмектескім келеді. Мен барша қазақстандықтарды зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырамын. Біз қостанайлықтармен біргеміз!», деді ол.

Айта кетейік, қазірдің өзінде қазақстандықтар жолдаған алғашқы көмек жиын пункттеріне келіп түсуде.