• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысында төтенше жағдай жарияланды

420 рет
көрсетілді

Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды. Облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Бұл, ең алдымен, жатын орын және тамақтану. 1800 адам эвакуацияланды. Мектептерде 200-ге жуық адам тұрақтады. Көбісі қауіпсіздігін тексеріп өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарын паналады.

Аймақ басшысы хабарлағанындай, зардап шеккендердің жаңа үй салуға немесе өтемақы алуға мүмкіндігі бар», деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ өрт кезінде баспанасы өртеніп кеткендер үшін салынатын үйлердің құрылысы қысқа мерзімде жүзеге асырылатыны айтылған.

«Бүгін 108 ғимарат зардап шекті, оның ішінде 98 үй толығымен өртенді. Қазір басты міндет - өртті толығымен ауыздықтау.  Ірі кәсіпорындар мен шағын бизнес шет қалмайды және зардап шеккендерге барлық жағынан көмектеседі. Жақын күндері жұртшылық барлық азаматтар қолдау көрсете алатын қор ашуды жоспарлап отыр», деп толықтырды әкімдіктің баспасөз қызметі.