• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2014

Шырайлы шаһарды жел жұлмалап тұр

234 рет
көрсетілді

9 мамырда басталған жел күн өткен сайын күшейе түсті. Алатау мен Қаратау түйіскен төрдегі аудандар мен ауылдарда, әсіресе, Шымкент шаһарында дауыл ұйыт­­қып, желдің жылдамдығы мұн­да11-12 мамырда секундына 25 метрге жетті. Облыс орталығында кей кездері секундына 28 метрден асқан қуатпен соққан дүлей дауыл бірталай зиян келтірді. Көпқабатты және жеке үйлердің шатырлары ұшып, ағаштар тамырымен опырылып құлаған тұстар да бар. «Нұрсәт» шағын ауданындағы бірталай үйлер зардап шекті. Шымкент хайуанаттар бағында ағаш басып қалған, 1962 жылы дүниеге келген азамат қаза тапты. Кейбір көшелер мен саябақтарда құлаған ағаштар машиналарды қиратты. Қала әкімдігі төтенше жағ­дай жариялап, мектептер мен балабақшалар жұмысы бір күнге тоқтатылды. 12 мамырда облыс әкімі Асқар Мырзахметов төтен­ше жағдайлар жөніндегі арнайы штаб мәжілісін өткізіп, оған бар­лық тиісті салалар басшылары, әкімдер қатысты. Шұғыл шаралар белгіленіп, арнаулы тапсырмалар берілді. Шымкентте және оның ма­ңайындағы аудандарда төтенше жағдайлар мекемелерінің қызметі жан-жақты күшейтілді. Жел жеті күнде, яғни 15 мамырда толастайды деген болжам бар. Мархабат БАЙҒҰТ, «Егемен Қазақстан». ШЫМКЕНТ.