Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жарыстың 8-ракеткалары болып тіркелген еді. Қазақстандық-бразилиялық жұп үшінші айналымда доданың 10-ракеткалары, америкалық Николь Меличар-Мартинес – аустралиялық Эллен Переспен шеберлік байқасты.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде америкалық-аустралиялық дуэт 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Жасөспірімдерден Аружан Сағындықова жарыс жолын жалғастыруда. Іріктеу сайыстарынан өткен ол чемпионаттың алғашқы айналымында бүгін америкалық Лив Ховдемен кортқа шығады.