• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Қыркүйек, 2022

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі сайланды

633 рет
көрсетілді

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трасс жаңа премьер-министр және консервативті партияның жетекшісі болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. 

Лиз Трасс партия мүшелерінің 81,3 мың дауысына ие болды. Ал бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак 60,4 мың дауыс жинады.

Басылым мәліметінше, Трасс пен Джонсон 6 қыркүйекте Шотландияға барады, онда билікті ресми түрде беру үшін патшайым Елизавета II-мен кездеседі. Джонсон ресми түрде қоштасу сөзін сөйлеп, отставкаға кететінін жариялайды.

Сондай-ақ, Трасс Лондонға оралып, Даунинг-стритте сөз сөйлеп, министрлер кабинетін тағайындайды.

Лиз Трасс – Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі. Ол Қоршаған орта, азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрі, Әділет министрі қызметтерін қоса атқарды және Тереза ​​Мэйдің бірінші кабинетіндегі тұңғыш әйел лорд-канцлер.