• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қыркүйек, 2022

Ақпарат және қоғамдық даму министрі қайырымды жандарға алғыс айтты

402 рет
көрсетілді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтарды қайырымдылық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіле бастаған бұл күннің негізгі мақсаты – жалпы азаматтық қоғам өкілдерін өзгелерге көмек көрсетуге, ізгілікке шақыру әрі қайырымдылыққа жұмылдыру екенін атап өтті.

«Мұқтаж жанға қамқор болу, уақыт не қаржы арқылы көмек беру, қайырымдылыққа ынталы болу, волонтерлік жасау – біздің ырысты ынтымағымыздың, тыныштық пен үйлесімде өмір сүруіміздің кепілі әрі дамыған қоғамның бір белгісі саналады», деді Дархан Қыдырәлі.

Оның айтуынша, тарихтың тар кезеңдерінде ұлт ретінде сақталып қалуымызда да мейірім-шапағат әсері мол.

«Баршаға белгілі, мейірімділік пен қайырымдылық – халқымыздың қасиетті құндылығы. Әл-Фараби індете іздеген ізгілік, Абай терең бойлаған жылы жүрек пен парасаттылық бүгінгі буынның да бойынан табылады. Кеше әлемдік пандемияда бір ел болып бірігіп, бүгін Қостанай халқы табиғи апатпен бетпе-бет келгенде, ұлт болып ұйысып, көмек қолын соза білдік. Өйткені адам өмірі, азаматтардың қауіпсіздігі – мемлекетіміздің басты байлығы.

Қазақстан Президенті өз Жолдауында «Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз», деді. Биыл «Қайырымдылық туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, ізгі істермен айналысатын ұйымдар мен меценаттарға біршама мемлекеттік қолдау көрсетілетіні жазылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек. Ерікті еңбек етіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық жасап жүрген барша ізгі жанға алғыс айтамыз!

Мереке құтты болсын!», деп жазды Дархан Қыдырәлі.