• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2014

Бас қалаға инвестиция тарту үшін

249 рет
көрсетілді

2014 жылдың 21 мамыры күні Тәуелсіздік сарайында VII Астана экономикалық форумы шеңберінде «Астана Invest 2014» V Халықаралық инвестициялық форумы өтеді. «Астана Invest 2014» форумы Астана қаласына инвестиция­лар тартуға, халықаралық ынтымақ­тас­тықты жақсарту және Астана қаласы брендін ілгерілетуге бағытталған. Форумның басты мақсаты – Ас­тана қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру және алдағы уақытта қала экономикасына отандық және шетелдік инвестициялар ағындарын ынталандыру болып табылады. Бас қаланың болашағына арналған бұл халықаралық басқосуға мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, даму институттары, шетелдік компаниялар, қаржы институттары, Астана қаласының ірі және орта бизнес өкілдерінен 400-дей адамның қатысуы жоспарланып отыр. Форумда Қазақстанның елор­дасын инвестициялауға Аста­наның әлемдік «ақылды қалалар» рейтингіне енуіне және қаланың инфрақұрылымын ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан­дырылған көрмені өткізуге дайындауға бай­ланысты мәселелер талқы­ланады. Сонымен бірге, фо­рум қонақтарына бірыңғай индус­трия­лық-инновациялық көрмесі шең­берінде және Астана қаласының Ин­­дустриялық паркіне бару ке­зін­де елорданың болашақ ин­вес­тициялық жобаларымен та­ны­­суларына мүмкіндік жа­сала­ды. Осы жүздесулерде әлеу­ет­ті ин­вес­торларға өңірдің биз­несті жүр­гізудегі экономи­калық, құқықтық және басқа да жағдайларын зерделеуге, Астананың инвестициялық ұсыныстарымен танысуларына, сондай-ақ, ресми және іскерлік қауымы өкілдерімен өңірлік ин­вес­тициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылауға жан-жақты жағдай жасалады. Осы орайда ерекше атап өтетін мәселе, өткен жылы форумға 500 тұрақты инвестор қатысты. Со­ның нәтижесінде әлеуетті инвесторлармен 1,5 млрд. долларға ынтымақтастық туралы 10 меморандумға қол қойылып, осы шаралар шеңберінде қала аумағында нақты жобалар жүзеге асырылуда. «Егемен-ақпарат».