• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қыркүйек, 2022

Елордадағы ЖЭО-3 құрылысы ұзаққа созылуы мүмкін

343 рет
көрсетілді

Алдағы уақытта елордада жылу энергиясының тапшылығы болуы мүмкін. Бұл туралы Алтай Көлгінов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таяу уақытта жылу энергиясының тапшылығы болуы мүмкін. Осыған байланысты бірқатар инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Қазіргі уақытта ЖЭО-3 құрылысы қайта жанданды», деді А.Көлгінов.

Оның айтуынша, жаңа ЖЭО құрылысы жылу энергиясының қуатын тағы 440 г Гкал/сағатқа арттырады.

«Мердігер жұмысты уақытында аяқтамай жатыр. Осыған байланысты тиісті шаралар жүргізілуде», деді қала әкімі.