Қазақстандық Бейбіт Жұқаев Нонтабуриде (Таиланд) өтіп жатқан ATP Challenger Tour Bangkok Open 3 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші бірінші айналымда Қазақстан Президенті кубогының үш дүркін чемпионы ресейлік Евгений Донскойды 7:6 (7:4), 7:6 (7:4) есебімен ұтты. 2 сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесуде Жұқаев 7 эйс орындады.
Екінші айналымда Ақтау теннис мектебінің түлегі жарыстың бірінші ракеткасы, жапониялық Есуке Ватанукимен кездеседі.