• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қыркүйек, 2022

Оңтүстік Кореяда тайфунға байланысты ішкі рейстер тоқтатылды

388 рет
көрсетілді

«Хиннамнор» тайфунының жақындауына байланысты Оңтүстік Кореяда жүздеген ішкі рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея бұқаралық ақпарат құралдары елдің әртүрлі бөліктеріндегі паромдардың қозғалысы тоқтатылғаны туралы ақпарат тарата бастады.

Дүйсенбіде тайфун Оңтүстік Кореяның Чеджудо аралының маңында өтті. Оның жылдамдығы сағатына 216 км-ге дейін жетті. Аралдағы жергілікті билік мектептердегі сабақтарды тоқтатып, көптеген кәсіпорындар жабылды.

Синоптиктер сейсенбі күні «Хиннамнор» Оңтүстік Кореяның екінші үлкен қаласы Пусанға жақын орналасқан аудандарға түсетінін болжады.

Тайфунның жақындауына байланысты сейсенбіден бастап Сеулде бастауыш және орта мектептердегі сабақтар онлайн форматта өткізіледі.

Оңтүстік Кореяның метеорологиялық қызметі тайфунның салдарынан бүкіл елде қатты жел мен нөсер күтілетінін, жағалаудағы аудандарда жоғары толқындар, дауыл мен цунами болатынын хабарлап, жергілікті тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Мамандар тайфунға қауіптің үшінші санаты берілгенін айтады. Қазірдің өзінде желдің екпіні сағатына 176 км-ге дейін жетеді.