• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қыркүйек, 2022

Ахаң атындағы мектеп есігін айқара ашты

532 рет
көрсетілді

Биыл Қызылжар қаласындағы №9 орта мектепке Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген болатын. Ұлт ұстазының есімін алған оқу орны оның 150 жылдық мерейтойына өзінің тұсаукесерін өткізді.  

1988 жылы ашылған бұл мектепте қазір 1365 оқушы білім алады. Өндірістік орындары, мекеме-ұйымдары жоқ, тек тұрғындар мекені болып табылатын осы 20-шы мөлтек аудандағы жалғыз мектеп те осы. Қазақ балалары аз болмаса да мектеп орысша білім береді. Ата-аналардың қалауы солай болған соң амал жоқ. Бір кезде мұнда қазақ сыныптары ашылған, бірақ ондағы оқушылар кейін ашылған қазақ мектептеріне ауысып кеткен. 

Мектеп директоры Сәуле Болатбекова Ұлт ұстазының атын алуына байланысты тұсаукесерге ұжымның мұқият дайындалғанын айтты. Келген қонақтар арасында Петропавл қаласының ұстаздар қауымы өкілдері, ардагерлер, «Қазақ тілі» қоғамының белсенділері, білім саласының қызметкерлері мен ата-аналар болды. Олар екіге бөлініп, алдымен Ахмет Байтұрсынұлына арналған сынып сағаттарына қатысты. Байырғы ұстаз Салтанат Омарова өткізген сынып сағатында балалардың қазақ тілін үйренуге құлықты екенін, олар қазақша берілген түрлі тапсырмаларды орындауға құштарлығын көрдік.

Ең үлкен шара мектептің акт залында болып, мұнда мұғалімдер мен оқушылар келген қонақтарға өздерінің өнерлерін көрсетіп бақты.

 

ПЕТРОПАВЛ