• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қыркүйек, 2022

Трансұлттық қылмыстық топтың 11 қатысушысы ұсталды

385 рет
көрсетілді

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен Бас прокуратура бір-бірімен күреске түскен екі трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарлағандай, олар өз ұлтының кәсіпкерлеріне заңсыз алым салып, олардың арасында қылмыстық идеялар мен ұрылардың ұстанымдарын енгізуге әрекеттенген.

ІІМ-нің арнаулы мақсаттағы бөлімшелері Алматы, Атырау, Петропавл, Ақтау қалалары мен Жамбыл облысының аумағында арнайы операция жүргізді. Операция барысында жедел қызметкерлер қылмыстық топтардың 11 қатысушысы мен  қылмыстық текетірестерге тартылған «киллерді» қолға түсірді.

«Олардың жүрген жерлері мен тұрғылықты мекенжайларына 25 тінту іс-шарасы жүргізіліп, атыс қаруының арсеналы, шетел валютасындағы үлкен көлемдегі ақша, сондай-ақ аса ірі мөлшердегі есірткі құралдары тәркіленді», делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

«Қазіргі уақытта басқа да қылмыскерлерді ұстау және жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда», деп қосты ведомство.