Франция астанасы Париж қаласында өткен паратаэквондодан Гран-при сериясының турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympik.kz-ке сілтеме жасап.
Нұржан Есілбаевтың шәкірттері Парижде бір күміс және екі қола медаль жеңіп алып, олжалы қайтты.
Нұрлан Домбаев екінші орын алса, Камила Досмолова мен Нышан Өмірәлі үздік үштікке кірді.