• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Қыркүйек, 2022

Елордадағы жәрмеңкеде Қызылорда облысының өнімдері ұсынылады

420 рет
көрсетілді

10-11 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Қызылорда облысының өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қызылорданың 70-ке жуық тауар өндірушісі елордаға 500 тоннадан астам өнім әкеледі. 

Жәрмеңкеге 210 тонна асқабақ, 100 тонна күріш, 80 тонна көкөніс пен жеміс, 50 тонна асқабақ, 30 тонна балық өнімдері, 15 тонна ет, 10 тонна сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық кондитерлік өнімдер мен 3 тонна ас тұзы қойылады.

Айта кетсек, бұл жәрмеңкеде облыстардағы ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер өз өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз тікелей өткізеді. Яғни жәрмеңкеде ұсынылған тауарлардың бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен болады.

Жәрмеңкелер 13 қарашаға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтетінін еске саламыз.

Өтетін орны: «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң, Тұран 48.

Ал 17-18 қыркүйек күндері Алматы және Жетісу облыстарының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады.