Албания билігі мемлекеттің компьютерлік жүйелеріне жасалған кибершабуылға Тегеранды кінәлі санайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы бүгін премьер-министр Эди Рама мәлімдеді.
«Министрлер кеңесі Иран Ислам Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынасты үзу туралы шешім қабылдады», деді премьер-министр.
Сонымен қатар Иран елшілігінде жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге 24 сағат ішінде елден кетуі керектігі туралы ресми хабарлама жіберілген.