8 қыркүйек күні сағат 10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым). Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бірлескен комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау туралы.