• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қыркүйек, 2022

Қазақстандық әуекомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

316 рет
көрсетілді

Азаматтық авиация комитеті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.А. Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы жылғы тамыздың үшінші онкүндігінде «Эйр Астана» әуекомпаниясына (құрылымдық бөлімшесі «Fly Arystan» әуекомпаниясы болып табылады) қатысты рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 2 000 АЕК (6 126 000 теңге) көлемінде қосымша екі айыппұл салынды. Осы жылдың шілде айынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясына қатысты жалпы сомасы 6 000 АЕК (18 378 000 тг) алты айыппұл салынды. «SCAT» әуекомпаниясы рейс кідірген кезде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 1 000 АЕК (3 063 000 тг) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Баспасөз мәліметінше, қазақстандық әуекомпаниялар жеті рет 7 000 АЕК (21 441 000 тг) сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының жолаушылар құқықтарын сақтау бөлігіндегі талаптарын ұстанады.

Сондай-ақ тасымалдаушылар тарапынан бұзушылық фактілері қайта анықталған жағдайда шаралар қабылданады.