Әлеуметтік желіде сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін Маңғыстау облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі А. Ізбасар туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR-ға сілтеме жасап.
Ақтау қалалық сотымен А.Ізбасарға қатысты үкім шығарылып, заңды күшіне енді.«Үкімге сәйкес Ізбасарға арнайы атақтан айыра отырып, 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», делінген ресми хабарламада.Айта кетсек, күдіктінің заңсыз әрекетін Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкерелеген.