16 қыркүйек күні елордада «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқанында заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері қала тұрғындарын қызықтырған сауалдарға жауап беріп, ұсыныстар айтып, заң тұрғысынан көмектеседі.
Акцияны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «ZAKON.KZ» желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар мен еліміздің жетекші заңгерлері ұйымдастырады.
Іс-шара Кенесары 32 көшесіндегі Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының 1 қабатында өтеді. Басталуы 16:00-де.
Айта кетсек, аталмыш науқан еліміздің барлық қалаларында ұйымдастырылады.