• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Қыркүйек, 2022

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына пәтер беріледі

342 рет
көрсетілді

Абай облысында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz Abai Aqparat сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, «Фирма Азия» ЖШС марқұмның отбасына «Қарағайлы» шағынауданынан үш бөлмелі пәтер береді.

Еске сала кетейік, Айдос Тоғызбаев Жарма ауданының Божығұр ауылдық округі Бірінші ауылының учаскесіндегі өрт сөндіру жұмыстары кезінде жарақат алған. Ол жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін азаматтық қорғау сержанты Айдос Ерұланұлы Тоғызбаев қаза тапқаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылды.