Қостанай облыстық сотының сот алқасының төрағасы екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қалалық сотының сайтына сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысына сәйкес Қостанай облыстық сотының сот алқасының төрағасы А.Х.Дарбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкция берілді», делінген ведомство хабарламасында.