Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Польшада өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай және Карина Ибрагимова алтын медаль иеленді.
Валентина Хальзова турнирді екінші орынмен аяқтады.
Балауса Мұздиман, Жайна Шекербекова, Жазира Урақбаева, Дариға Шәкімова, Сәния Сұлтанқызы, Гүлсай Ержан, Мәдина Нұрашева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 11 жүлде бар.