• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Қыркүйек, 2022

Бір ойында жеті гол соғылды

221 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан Премьер-лига­сы­ның 19-туры тартысты ойын­дарға то­лы болды. Ең қызығы, көш басын­дағы «Ақ­төбе» өз алаңында ең соңғы орындағы «Мақ­тааралдан» ұтылып қалды.

Бұл матчта ақтөбеліктер алғашқы болып есеп ашты. 24 минутта Руслан Комболов нысананы дәл көздеді. 58 минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Биляль Себахи таразы басын теңестірді – 1:1. Бұл есеп кездесудің соңына дейін сақталды. «Ақ­жайық» өз алаңында «Шахтерден» 1:2 есе­бімен ұтылды. Алғашқы екі голды қара­ғандылық Роман Мұртазаев пен Темур Чогадзе соқты. Оралдықтардың сапынан Виталий Приндетаның ғана жауап қайыруға шамасы жетті. «Тараз» бен «Ақсу» арасындағы кездесуде көрермендер жеті голдың куәсі болды. Төреші белгілеген негізгі уақыттың қосымша минуттарының өзінде таразы басы теңселіп тұрды. Десек те соңғы секундта Дамир Мараттың дәл соққысы қонақтарға жеңіс сыйлады. Есеп – 3:4. «Астана» сырт алаңда «Каспийдің» қақпасына жауапсыз үш доп салды – 0:3. Бұл голдардың авторлары – Абат Айымбетов, Талғат Кусяпов және Педру Эуженио. «Тобыл» мен «Атыраудың» бәсекесінде тосын нәтиже тіркелді. Кездесудің фавориті саналған қостанайлықтар өз алаңында қонақтарға 0:2 есебімен есе жіберді. Осы матч­та Демир Имери нысананы екі рет дәл көздеді.

Жарыс кестесінде «Ақтөбе» әлі де алда келеді.