• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Президент 11 Қыркүйек, 2022

Президент ІІІ Чарльзге құттықтау жеделхатын жолдады

416 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, қарқынды саяси диалогқа, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген берік стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Түрлі салалардағы, оның ішінде халықаралық аренадағы жан-жақты ынтымақтастығымыз достас халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне кәміл сенімдімін, деп жазылған жеделхатта.  

Құттықтау соңында Президент Корольге барлық игі бастамаларына толағай табыс, ал король отбасы мүшелері мен британдықтарға бақыт пен өркендеу тіледі.