Құқық қорғау органдарының жедел-іздестіру шаралары барысында елордада ұйымдасқан қылмыстық топтың үш қатысушысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, олар ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынып, Петропавл қаласында іздестіруде болған.
«Күдіктілер WALTHER маркалы тапаншамен, травматикалық оқтары бар «ОСА» тапаншасымен, сондай-ақ суық қарумен ұсталған», делінген қалалық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.