Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйек күні елімізге Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
«Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр», деп жазылған хабарламада.