Өзбекстанда балабақшадан қашып кеткен 4 жасар баланы пойыз қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайғылы оқиға Қашқадарияның облысының Касан ауданында, 9 қыркүйек күні сағат 15:33-те болған. Gazeta.uz сайтының хабарлауынша, бір күн бұрын төрт жасар бүлдіршін жекеменшік балабақшаға жеткізілген екен+.
Келесі күні ересектердің қарауынсыз қалған бала балабақшадан қашып шығып, темір жолға бет алған. Бала рельстен шығып кетпек болған, бірақ сол сәтте оны жүрдек пойыз қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Қазір аймақтық көлік прокуратурасы тергеу амалдарын жүргізуде.