Алматыдағы «Рахат» фабрикасы қаланың индустриялық аймағына көшіріледі. Жоба аясында 20 гектар жер бөлу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қаласын дамыту бағдарламасында атап өтілгендей, бұл шамамен 100 млн доллар шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
«2030 жылға дейінгі кезеңде инвесторлар тарапынан сұранысқа және Алматы индустриялық аймағын дамытудың екінші кезеңінің жер учаскелерін игеру қарқынына байланысты оның аумағын одан әрі кеңейту мәселесі қаралады», делінген Алматы қаласын дамыту бағдарламасында.