• RUB:
    5
  • USD:
    442.84
  • EUR:
    480.97
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Қыркүйек, 2022

Канадада атыс кезінде екі адам қаза тапты

122 рет
көрсетілді

Канаданың Онтарио провинциясында қарулы адам екі адамды атып өлтірген, деп хабарлайды Egemen.kz kun.uz сайтына сілтеме жасап.

АҚШ басылымдары қылмыскердің алдымен Миссисога қаласында оқ жаудырып, бір полицейді өлтіргенін жазған. Атыс кезінде тағы бір адам ауыр жараланған. 

Кейінірек күдікті Милтон қаласына орын ауыстырып, онда да тұрғындарға оқ жаудырған. Салдарынан тағы бір адам қаза тауып, екеуі жараланды. Милтондағы екі құрбанның біреуі ауыр хәлде жатыр, ал екіншісі жансақтау бөліміне ауыстырылған. 

Кісілерге шабуылдаған адам оқиға орнынан өзгенің көлігімен қашып кеткен. Кейін полиция күдіктінің тұтқындау кезінде жараланғанын және көп ұзамай қайтыс болғанын хабарлады.