• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қыркүйек, 2022

Өскеменде қаңтар оқиғасының 13 қатысушысына сот үкімі шықты

347 рет
көрсетілді

ШҚО прокуратурасы қаңтар оқиғасы қатысушыларының көпшілігі шартты түрде сотталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі, 296-бабының 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздікке қатысу, есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша қаралды», деп хабарлады ШҚО прокуратурасы.

Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, бес сотталушыға үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру, ал жеті айыпталушыға төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бір адамның қайталанған қылмысы болғандықтан, ол үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды түрде күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар